​Тікұшақ апаты: Ықтимал себептер анықталуда

0
1 344

ҚР заңына сәйкес, көз жұмған әскери қызметшілердің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі.


​Тікұшақ апаты: Ықтимал себептер анықталуда

ERNUR.KZ. Мемлекеттік комиссия Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына себеп болған нұсқаларды зерттеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы күштері ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосановтың айтуына қарағанда, ҚР заңына сәйкес, көз жұмған әскери қызметшілердің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл - оның 5 жылдық жұмысы бойынша жалақысы. Сонымен бірге, отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқылы. Жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сондай-ақ, отбасында қанша адамның болуына байланысты баспанаға қатысты өтемақы төленеді. Бұл адам басына қарай әр әскери қызметшінің отбасына әртүрлі өтемақы берілмек.

«Ми-8 - 1988 шығарылған тікұшақ. Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен. Зауыттан шыққаннан кейін тікұшаққа әуеде 2000 сағат немесе 8 жыл ұшу ресурсы беріледі. Бүгінге дейін тікұшақ әуеде 773 сағат ұшқан. Техникалық тұрғыда тікұшақ ақаусыз. Мемлекеттік комиссия тергеу жүргізіп жатқандықтан, Ми-8 типті тікұшақтардың ұшуы тоқтатылды. Апта бойы олар техникалық тексерістен өтеді. Ми-8 - посткеңестік елдердің ішінде ғана емес, бүкіл әлемдегі ең адам көп сияқтын тікұшақ саналады. Ең қарапайым әрі сенімді тікұшақ. Қазіргі таңда біз Ми-17 және Ми-171 тікұшақтарын, сонымен бірге Ми-35 жауынгерлік тікұшақтарын сатып алудамыз. Жоспарлы жұмыстар жүруде», - дейді Дәурен Қосанов.

Ол Мемлекеттк комиссия тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Нәтижесі ресми түрде хабарланады. Барлық себептер саралануда: техниканың істемей қалуы, адами фактор және метеожағдай. Мен комиссия мүшесі емеспін. Сол себепті, ол жайында пікір білдіруге қақым жоқ. Қара жәшік мемлекеттік комиссияда. Оны тексеру құығы бізде жоқ», - дейді Дәурен Қосанов.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапқан еді.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады.