Тимур Тоқтабаев вице-министр қызметінен босатылды

0
904

Ол 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген.


Тимур Тоқтабаев вице-министр қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, ол 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген.

Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры (2011-2016 жж.), этика жөніндегі уәкілетті өкіл (2016 ж.), вице-министр (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған. Оған дейін "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ-да, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, "Қазгеоинформ" геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. қызмет еткен.