Тірідей өртеніп кеткен 52 азаматтың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шықты

0
1 499

Қазан қаласына бет алған автобуста 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді


Тірідей өртеніп кеткен 52 азаматтың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кетуіне кінәлі тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Sputnik.

Шымкенттегі "Азия транзит" ЖШС-нің құрылтайшысы Нұрлыбек Телікбаев 3 жыл 6 айға, автопарк механигі Бахадүр Пердебаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.

Өртенген автобусты жүргізген Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовтарды 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Жүргізушілер 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды.

Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына 2 миллион теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттелді.