"Титаник" фильміндегі көріністі қайталаған ата мен әже көпті тәнті етті (видео)

0
976

Әлеуметтік желілерде қариялардың әрекеті көптің қызу талқысына түсті.


ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі "Титаник" фильміндегі басты кейіпкерлер Роуз пен Джектің әрекетін қайталаған қариялар көпті сүйсіндірді. Олар кеме басына шығып, құшақтасады, деп хабарлайды Экспресс К.



Әлеуметтік желілерде қариялардың әрекеті көптің қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының жазуынша, видеодағы қариялар қырғыз ұлтының өкілдері.

"Бәрімізге осындай бақ нәсіп қылсын", "Осы үлкендердің махаббатына таң қаламын. Бізге де осылай жүру бұйырсыншы", "Ата мен әже хит", "Ата "Титаниктің" фанаты болғаны көрініп тұр" деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Ата мен әжей бұл көріністі Түркия елінде түсірген. Видеодан егде жастағы адамдардың кеме басында құшақтасып тұрғанын көруге болады.