ТМД байқаушылары сайлауды бейпартиялық байқау орталығына келді

0
2 176


ТМД байқаушылары сайлауды бейпартиялық байқау орталығына келді

ERNUR.KZ. Бүгін сайлауды бейпартиялық байқау орталығына ТМД Миссиясының халықаралық байқаушылары, РФ қоғамдық палатасының өкілдері келді, деп жазады baq.kz.

Оның ішінде Григорьев Максим Сергеевич - Демократия мәселелерін зерттеу қорының директоры және Кирьянов Артем Юрьевич - қоғамдық маңызы бар заң жобаларын сараптау жөніндегі комиссия төрағасының бірінші орынбасары болды.

Бану Нұрғазиева Орталықтың ағымдағы жұмысы туралы, аймақтық байқаушылар желісін қалыптастыру және оқыту барысы, барлық сайлау процесіне қатысушылармен, саяси партиялардың өкілдерімен және халықаралық бақылаушылармен өткізілген кездесулер туралы айтатын болады.

Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының өкілдері өз кезегінде қазіргі әлемдегі демократияның әртүрлі модельдерінің қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу, Ресейдің модернизациялау модельдерін жасау және бейімдеу, Ресейдегі саяси институттардың тиімділігін, тұрақтылығы мен заңдылығын зерттеу тәжірибелерімен бөліседі, - делінген хабарламада.