Футболшы тамақтан уланған.
ERNUR.KZ. Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне «Тобыл» футбол клубының ойыншысы түсті. Қазір арнайы ем-дом шаралары қабылданып жатыр. Ол тамақтан уланған. Жағдайы ауыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Ал клубтың баспасөз қызметі нақты қай футболшының тамақтан уланғанын айтқан жоқ.