Тоғжанов мерейтойын қымбат мейрамханада атап өткені туралы ақпаратқа пікір білдірді

0
591

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер облыс әкімінен 13 мамырда Ақтөбедегі қымбат мейрамханалардың бірінде туған күнін тойлағаны туралы сұрады.


Тоғжанов мерейтойын қымбат мейрамханада атап өткені туралы ақпаратқа пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мерейтойын қымбат мейрамханада атап өтті деген сұраққа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер облыс әкімінен 13 мамырда Ақтөбедегі қымбат мейрамханалардың бірінде туған күнін тойлағаны туралы сұрады. Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары мереке өтті деген мекеменің маңында қызметтік көліктер тұрғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

"Біздің үйде туған күн атап өтудің өз дәстүрі бар, біз әдетте менің туған күнімді 12-сінен 13-іне қараған түні атап өтеміз. Балаларым, жақын достарым құттықтайды. 2018 жылы туған күнімде Астанада болдым, олар (балаларым - ред.) маған айтпай менімен бір ұшақта ұшып келген екен. Сондықтан туған күнімді отбасыммен бірге атап өтемін", - деді Ералы Тоғжанов брифингте.

Ол келесі күні, 13 мамырда туған күнінде жұмыста болғанын қосты.

"Былтыр Қарағандыда үлкен сапарда болдым, ал биыл туған күнімде, журналистер біледі, 13 мамыр жұмыс күні болды. Сол күні таңертең мен алыс ауданға, Қобда ауданына бардым. Онда су тасқынына байланысты құрылыс жүріп жатқанын білесіздер. Одан басқа да істеліп жатқан жобалар бар: "Ауыл аманаты", бөгет құрылысын көріп қайттым. Түстен кейін балалар үйіне бардым, спорттық шаралар болды, сондықтан кешкі сағат 8-ге дейін мен жұмыс режимінде болдым", - деп толықтырды ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, мейрамханада қызметтік көліктер болуы мүмкін емес еді.

"Туған күнімді үйде тойладым, 13-і күні үйде болдым", - дейді ол.

"Бұл мәселемен айналысатын құқық қорғау органдары бар. Сондықтан, жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктер ол жерде болған жоқ, болуы да мүмкін емес еді. Егер тараған ақпарат рас болса, қатаң шара қолданылады", - деді Ақтөбе облысының әкімі.