Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті 150 спортшыға арналған іс-шара өткізуге рұқста берілгенін растады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жандарбек Бекшин 150 адамға іс-шара ұйымдастыруға рұқсат берген деген ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын басқару департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
"Жандарбек Бекшин Алматыдағы Ритц-Карлтонда 150 адамға банкет өткізуге рұқсат берді. Карантин? Коронавирустың екінші толқыны? Шектеулер қайда? Неге біріне рұқсат беріледі, екіншілерге рұқсат жоқ?", - деп жазды желідегілер.
Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті 150 спортшыға арналған іс-шара өткізуге рұқста берілгенін растады. Бұл шара барлық санитарлық талаптарға сүйене отырып жүзеге асуы керек болатын. Алайда рұқсат бойынша кездесу шарасы басқа қонақ үйде өтуі қажет болған.
"Департамент «Капитал Тауэр Девелопмент» ЖШС, «Ритц Карлтон» қонақ үйі мекен-жайына жауапты спортшыларға құрмет көрсету және қызметкерлерді оқыту шеңберіндегі іс-шараның бір реттік өткізілуіне байланысты берді. Сондай-ақ, бұл мәселе Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өткізген онлайн форматтағы бірлескен жиналыстарда да бірнеше рет талқыланды. Спортшыларға құрмет көрсету іс-шарасы «Ритц Карлтон» қонақ үйі ғимаратының 1-қабатында, ұсынылған және бекітілген алгоритмге, сондай-ақ ауа ортасын зертханалық зерттеудің бақылау нәтижелеріне сәйкес 900 орынға есептелген залда 150 адамға санитариялық талаптарды сақтай отырып, бір реттік спортшыларға құрмет көрсету және қызметкерлерді оқыту шеңберіндегі іс-шараның өткізілуі тиіс болатын", - дейді баспасөз қызметі.
Алайда, осы рұқсатты қолданған кейбір адамдар мүлдем басқа қонақ үйде үйлену тойын өткізген. Департамент бұл жұмысты заң бұзушылық деп танығанын айтады.
"Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Департамент 150 орыннан асырмай толтырылған жағдайда, осы залда спортшыларды құрметтеу, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мүмкіндігі туралы жазбаша жауап берді. Алайда, Бостандық ауданының ТКҚСҚББ мамандары (17.10.2020ж.) мониторинг тобымен тексеру жүргізген кезде "Ритц Карлтон" ғимаратында рұқсат беру құжаты ретінде Департаменттің жауабын пайдаланып, банкетті үйлену той өткізу фактісін анықтады. Департаменттің жауабы қоғамдық тамақтану объектілерінде, «Ритц Карлтон» қонақ үйі ғимаратында (28-қабатта 45 адаммен үйлену тойы) ұжымдық іс-шаралар өткізу үшін негіз болып табылмайтынын атап өту қажет, бұл Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.08.2020ж. №56 «Шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысымен реттеледі. ЖШС басшылығына берілген хат департамент тарапынан шығыс 30.09.2020ж. №21-23.06-19/9172-хатымен аталған бұзушылықтарға байланысты бұрын кері шақыртылған болатын", - дейді баспасөз қызметі.