Тойға келген адамдарға да айыппұл салынуы мүмкін

0
474

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 415 нысанға карантиндік талапты бұзғаны үшін 30 миилион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды.


Тойға келген адамдарға да айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қызылордада карантин талабын бұзу бойынша 415 дерек анықталды, деп хабарлайды Хабар24.

Қызылорда қаласында мониторингтік топ беташар тойын тарқатты. Той иесіне айыппұл салынды. Тексеріс келгенін байқай сала үй иелері қақпаны ішінен іліп алады. Алайда олар жазадан құтылмады.

Жыл басынан бері облыстағы 415 нысанға карантиндік талапты бұзғаны үшін 30 миилион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды.

– Қаламызда жылдың басынан бастап 200-ден аса санитарлық талаптарды бұзғандар анықталып, соның ішінде 65 той өткізу деректері анықталған. Соның ішінде жартысынан көбі жеке тұрғын үйлерде өткізгені анықталып жатыр. Бұрынғыдай тойдың егесіне емес, тойға келген адамдарға да айыппұл арқаланып, оларға да тиісті жауапкершілік қаралып жатыр, - дейді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.