Тоқаев 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

0
845

Мемлекет басшысы 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті.


Тоқаев 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Заң 2022 жылы күшіне енеді.