600 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі.
ERNUR.KZ. Қасым Жомарт Тоқаев кітапханашы, мұрағатшы, көлік жүргізушілерінің жалақысы өсетінін айтты, деп жазады Stan.kz.
“Педагогтар мен мұғалімдердің жалақысы өсті. Басқа да сала қызметкерлері бұдан тысқары қалды. Ендігі кезекте 2022-2025 жылдары олардың жалақылары жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өседі. 600 мыңға жуық қызметкер осы бастаманың қызығын көреді”, – дейді президент.