Баспаналы болған 12 алматылық жас Президентке алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар үйінде тәрбиеленген жастарға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салтанатты рәсім қала әкімшілігінде өтті. Баспаналы болған 12 алматылық жас Президентке алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді. Олар «Саялы» ықшам ауданында салынған жаңа тұрғын үйлерге қоныстанады. Қамқоршысы жоқ жандарға берілген жалдамалы баспана «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғызылған. Жалпы Алматыда 50-ден аса жетім балаға пәтер беріледі.