«Таразда болған оқиға – нағыз масқара», - деді президент.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына мектептер мен балабақшаларға толығымен видеокамера орнатуды жүктеді, деп хабарлайды ktk.kz.
«Кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шараларды қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тәжірибесін қолдануға болады», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы өңір басшыларына биыл 100 пайыздық деңгейде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге бейнебақылау камерасын орнату жұмысын аяқтауды тапсырды.
«Таразда болған оқиға – нағыз масқара», - деп қосты президент.