Тоқаев бизнесті тексеруге мораторий жариялады

0
1 081

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Тоқаев бизнесті тексеруге мораторий жариялады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және микрокәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 жарлықтағы ерекшеліктер тізімі №13 тармақпен толықты.

"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және профилактикалық бақылау, қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын:
(...)
13) әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру".

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлыққа сәйкес Президент орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және профилактикалық бақылау, қадағалауды барып жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған болатын:

  1. халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер төндіретін құқықбұзушылықтарды болғызбауға немесе жоюға; конституциялық құрылыс пен ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіруге бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген мәселелер бойынша жүргізілетін тексерулер;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу деректерінің себептерін анықтау үшін нақты бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты нақты дерек бойынша бір жоспардан тыс тексеру жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты дерекке байланысты өзге субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілген жағдайларда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер жүргізу;
  3. кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне қатысты өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес рұқсат алуға өтініш бойынша жүргізілетін тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу қағидаларын бекіту туралы;
  4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген мәселелер бойынша тексеріс жүргізу;
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарын тексеру;
  6. кедендік тексерулер;
  7. қарсы салық тексерулері;
  8. салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, салық органы шығарған касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау мәселелеріне қатысты тақырыптық салықтық тексерулер;
  9. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы саласындағы өнім қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мақсатында барып жүру арқылы профилактикалық қадағалау жүргізу;
  10. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру және профилактикалық бақылау;

2020 жылдың қыркүйегінде тізім 12-тармақпен толықты. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысандары ерекше жағдайларға енгізілді.