Тоқаев бюджет заңнамаларын жетілдіруді тапсырды

0
1 126

Президент Есеп комитетінің жұмысы жөнінде есеп қабылдады.


Тоқаев бюджет заңнамаларын жетілдіруді тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп жазады Zakon.kz.

Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ, қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ, қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.