Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

0
483

Бұл - өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек.


Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады, деп жазады sn.kz.

"Құрметті отандастар, қадірлі ағайын. Баршаңызға тағы да айтарым, іштен және сырттан болған сан түрлі жауған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы, қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл - өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек.
Ал жастарға айтарым, жарқын болашақтарыңызға балта шаппаңыздар. Жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты", - деді Тоқаев үндеуінде.