Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың 40 күндігіне орай мешітке барып, құрбандық шалды

0
799

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.


Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың 40 күндігіне орай мешітке барып, құрбандық шалды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне арнайы барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың 40 күндігіне орай олардың рухына құран бағыштап, құрбандық шалды, деп жазады Stan.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Мәліметтерге сүйенсек, құран бағышталған соң мемлекет басшысы мешітте халыққа үндеу жолдаған.

Айта кетейік, осы демалыс күні қаңтардағы тәртіпсіздіктер басталғанына қырық күн толды. Ресми мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік кезінде барлығы 225 адам мәйітханаға жеткізілді. Оның 19-ы-полиция және әскери қызметкерлер. 4,5 мыңнан астам азамат зардап шекті.