Тоқаев кредитін төлей алмай қалған тұрғындар мәселесін көтерді

0
1 610

Банктер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде экономиканы несиелеу бойынша зор әлеуетке ие болып отыр. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі – 12,2 триллион теңге.


Тоқаев кредитін төлей алмай қалған тұрғындар мәселесін көтерді

ERNUR.KZ. Биыл тұтынушылық кредит 32,8 процентке артқан. Несие алушылар 6,1 миллион адамға жетті. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаржы секторының өкілдерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау қажет деді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өтеу мерзімі 90 күннен асқан қарыздардың деңгейі банктердегі кредит портфелінің 4,3 процентін құрайды. Бұл – соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Президент осыдан қорытынды шығарып, жинаған тәжірибе негізінде жиі қайталанатын тәуекел-қатерлердің алдын алу шараларын күшейту қажет екеніне тоқталды.

Ол бүгінде қаржы секторының дәрменсіз банктерден арылғанын, ал сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық нашар кредит есептен шығарылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы борышкерлерге қатысты қаржы нарығы қызметкерлерінің шектен шығу әрекеттеріне де тоқталды.

"Несие мекемелерінің басшыларына ішкі рәсімдерді күшейту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жекелеген қызметкерлер мен сырттан тартылатын коллекторлардың қызметтерін асыра пайдалануға жол бермеу тетіктерін қарастыруды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев шағын және орта бизнесті несиелеу, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту еліміздің қаржы секторының басты басымдығы болуы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты және арзан қор жасау көздерінің жоқтығы микроқаржыландыру нарығындағы негізгі мәселенің бірі.

кп– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Банктер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде экономиканы несиелеу бойынша зор әлеуетке ие болып отыр. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі – 12,2 триллион теңге.