Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
"Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді", - деп жазды Берік Уәли.
Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.