Президент заманауи мұнай кластерін құру қажеттігін айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстандағы мұнай кен орнының ашылғанына 120 жыл толуына орай өткізілген салтанатты шарада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай саласына қажет отандық кадрларды дайындау қажеттігін айтты, деп жазады Bugin.kz.
- Мұнай-газ саласының жобаларын жүзеге асыруға отандық кадрларды тарту – өте өзекті. Әсіресе, жоғарғы қызметтерге отандық кадрларды тартудың маңызы зор! Үкімет мұнай өндірушілермен бірігіп білікті мамандарды дайындауға кірісуі қажет, - деп жазды Тоқаевтың сөзін Ақорда баспасөз қызметі.
Одан бөлек, президент заманауи мұнай кластерін құру қажеттігін де айтқан.
- Мұнай сервисін құру шағын және орта кәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, бағаның төмендеуіне ықпал етпек, - деп түсіндірген мемлекет басшысы.