Тоқаев: президенттік сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетуге міндетті емес

0
621

Мемлекет басшысы журналистердің президенттік сайлаудан кейін саяси қайта құру бола ма, үкіметті отставкаға жібере ме деген сауалына жауап берді.


Тоқаев: президенттік сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетуге міндетті емес

ERNUR.KZ. Президент сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуге міндетті емес, деді Қасым-Жомарт Тоқаев, деп жазады zakon.kz.

Мемлекет басшысы журналистердің президенттік сайлаудан кейін саяси қайта құру бола ма, үкіметті отставкаға жібере ме деген сауалына жауап берді.

"Саяси қайта құруға келетін болсақ, мен айтқанымдай, саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе тоқырау болады. Екінші жағынан, заң бойынша президент сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетпейді. Бұл міндетті түрде парламенттік сайлаудан кейін жүзеге асырылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Парламент сайлауының мерзіміне келсек, жыл соңында арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан үкімет жұмысын жалғастырады, бірақ үкіметтің құрамында да, басқа ведомстволарда да, әрине, нүктелік өзгерістер болады.