Тоқаев Үкіметтің жұмысына «орташа» баға берді

0
532

Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.


Тоқаев Үкіметтің жұмысына «орташа» баға берді

ERNUR.KZ. Президент күзге қарай кадрлық шешімдер қабылдау керек болатынын мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

«Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», - деді ол.

Айта кетсек, бұдан бұрын сарапшылар Үкімет басшысының ашықтығын сынға алған. Бұған премьер-министрдің журналистермен өткізген жабық кездесуде түсірілім жасауға, жиын жайлы БАҚ-та материал жариялауға рұқсат бермеуі себеп болды.