Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады

0
765

Президент Боао Азия форумының сессиясына қатысады.


Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Боао Азия форумының сессиясына қатысады.
Сапар аясында басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
26-29 наурыз аралығында Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Боао қаласында өтетін форумға 60-тан астам ел мен аймақтан 2000-ға жуық өкіл және 40-қа жуық елден 1100-ден астам журналист қатысады.
"Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік" деген тақырыпты арқау ететін биылғы отырыста "Жаһандық экономика", "Ғылыми-технологиялық инновациялар", "Әлеуметтік даму", "Халықаралық ынтымақтастық" және "Сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру" сияқты мәселелер талқыланады.
2001 жылы құрылған Боао Азия форумы – аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге және Азия елдерінің даму саласындағы мақсаттарын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге арналған үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым.