Төрт қалада жер телімі онлайн тәртіппен беріле бастайды

0
924

Пилоттық жобаның өндірістік қолданысын жыл соңына дейін жүргізу жоспарланған.


Төрт қалада жер телімі онлайн тәртіппен беріле бастайды

ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Жер учаскелерін онлайн тәртіпте беру» пилоттық жобасы іске қосылатынын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бірыңғай мемлекеттік кадастр ақпараттық жүйесі бойынша жақын арада «Жер учаскелерін онлайн тәртіпте беру» пилоттық жобасын бастаймыз. Аталмыш пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларын қамтиды. Бұл жүйе бізге не береді? Ең алдымен жер учаскесін беру процедурасы жеңілдеп, халық үшін ыңғайлы бола түседі. Бұл процестердің көлеңкелі тұстары келмеске кетеді», - деді Асқар Жұмағалиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуынша пилоттық жобаның өндірістік қолданысын жыл соңына дейін жүргізу жоспарланған.

«Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер бұл жұмысқа белсенді түрде араласуы тиіс», - деді ол.

Пилоттық жобаны жүзеге асыруда Асқар Жұмағалиев отырысқа қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтен қолдау сұрады.