"Төрт сағат маска тағуға шыдайды" - Бекшин оқушылар туралы

0
1 470

Алматыда 1-2 сынып оқушылары мектеп қабырғасында тәлім алады.


ERNUR.KZ. Алматы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мектеп оқушыларының кезекші сабақтарда маска кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшинге балалардың ұзақ уақыт маска киюі зиян емес пе деген сұрақ қойылған.

"Мектеп оқушылары күніне 3-4 сабақтан артық оқымайды. Сондықтан менің ойымша, бала төрт сағат маска тағуға шыдайды. Екі сағат сайын ауысым болады, мұғалімдер бұған қатаң қарайды", - деді Алматы бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин балаларды маскалармен қамтамасыз ету мәселесі ата-аналарға жүктелгенін атап өтті. Кейбір жағдайда балаларға масканы мектеп береді. Бұл медициналық бұйым сатып ала алмайтын отбасыларға қатысты.

Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналардың өтінімі бойынша кезекші сыныптарда оқиды. Алматыда 1-2 сынып оқушылары мектеп қабырғасында тәлім алады.