Төтенше жағдай мерзімінен бұрын да тоқтатылуы мүмкін – Президент кеңесшісі

0
842

Төтенше жағдай тәртібін АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехияда және тағы да басқа елдерде енгізілген.


Төтенше жағдай мерзімінен бұрын да тоқтатылуы мүмкін – Президент кеңесшісі

Эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібі АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехия және басқа да елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде. Бұл ретте, біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. Төтенше жағдай режимін енгізу - уақытша шара. Ол ұзартылуы да мүмкін. Бірақ егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал", - деп жазды Ерлан Қарин.