Желі оқырмандары Ақеркенің Тұрсынбекке қатты ұқсайтынын байқаған. Бойжеткеннің өзі бұл ұқсастықты “мәртебе” санайды екен.
“Әзіл әлемі” театрының басшысы Тұрсынбек Қабатовтан айнымайтын қыз Алматыдан табылды. Ақерке Самсыбаева есімді бойжеткеннің жасы 24-те, деп жазады Reactor.
Желі оқырмандары Ақеркенің Тұрсынбекке қатты ұқсайтынын байқаған. Бойжеткеннің өзі бұл ұқсастықты “мәртебе” санайды екен. “Қабатовтан аумайды екенсің” деп пікір білдірген желі қолданушысына Ақерке:
“Айтқаныңыз мен үшін комплимент болды. Көп рақмет”, – деп жауап берген.
Айтпақшы Ақерке соңғы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып жүр екен. Аз уақыттың ішінде 12 келі салмақ тастаған бойжеткен мұнымен тоқтап қалмақ емес.