Цифрлық даму министрлігі Қазақстанда 5G-ді кімдер пайдаланатынын айтты

0
709

Асхат Оразбек алдағы уақытта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталатынын айтты.


Цифрлық даму министрлігі Қазақстанда 5G-ді кімдер пайдаланатынын айтты

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G желісін кімдер қолданатынын айтты, деп жазады zakon.kz.

Асхат Оразбек алдағы уақытта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталатынын айтты.

"Олар – жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері мен бейнероликтерді көп көретін және жақсы сапалы қарым-қатынасты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс жоспарына сәйкес, 2022 жылдың соңына дейін бұл 5G желісін үш қалада — Алматы, Астана және Шымкентте іске қосу көзделіп отыр, 2025 жылға дейінгі кезеңде желілерді еліміздің барлық облыс орталығында енгізу жоспарланды".Асхат Оразбек
Кейінірек вице-министр желі үш мегаполисте, ең алдымен, халық көп шоғырланатын орындар, соның ішінде сауда орталықтарына жүргізілетінін атап өтті.

"Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков Түркістанда қаланың орталық бөлігі түгелдей 5G желісімен қамтылғанын, Алматыда Медеу аймағы, бөгеттер, Панфилов көшесі мен Шымбұлақ аймағының бойы қамтылғанын айтты.