Температура төмендейді.
ERNUR.KZ. Синоптиктер 29, 30 маусым және 1 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосферадағы синоптикалық жағдайды ылғалдың үлкен қоры бар оңтүстік циклон айқындайды. Болжам бойынша, найзағай соғып, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі де күтілуде.
«Қазақстанның солтүстігінде және орталығында жылудың біртіндеп +18-ге дейін төмендеуі болжанады, шығыста +20 дейін, Оңтүстікте +23, оңтүстік-шығыста +16 дейін төмендеді, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.