Түлектердің грантқа түсуге екі мүмкіндігі болады - Аймағамбетов

0
1 084

Министрдің айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де арнайы жағдай жасалған.


Түлектердің грантқа түсуге екі мүмкіндігі болады - Аймағамбетов

ERNUR.KZ. Түлектердің ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндігі бар. Бұл грантқа түсемін дегендерге жақсы мүмкіндік деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Instagram-да грантқа түсу үшін ҰБТ тапсыруға екі рет мүмкіндік беруді сұрап мені белгілеген бірнеше жазбаны көзім шалды. Шешім қабылдағанда мектеп оқушыларының мүддесіне басымдық бердік. Сондықтан бұл жолы біз сіздің пайдаңызға шешім қабылдадық, сіздің ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігіңіз бар. Бұл эмоционалдық жүктеме мен стрессті азайтады", - деді Білім министрі түлектерге арнаған үндеуінде.

Сонымен қатар, Аймағамбетов ҰБТ электронды форматқа көшіріліп, мүмкіндігінше әділ болатынын айтты.

"Орнатылған камералар, бақылау жүйесі және хабар тарату сізді уайымдатпауы керек. Бұл шара әділ нәтиже алу үшін қажет.
ҰБТ жылына бір емес, төрт рет өткізіледі. Бұл біздің қызметкерлердің күш-жігерін талап етсе де, сіздің уайымдарыңызды азайтатынын және бірден университеттерге түсуге бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз", - деп қосты ол.

Министрдің айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де арнайы жағдай жасалған. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындауға қосымша 40 минут уақыт берілді.

"Ыңғайлы болу үшін калькуляторларды пайдалануға рұқсат еттік.
Биылғы жылы ҰБТ ұпайлары туралы ғана емес, әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауын аласыз. Бұл сіздің әлсіз жақтарыңызды талдауға және біліміңізді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қазір грант алуға мүмкіндіктеріңіз көп. Биыл тағы 15 мың грант бөлініп, шәкіртақы мөлшері 15 пайызға өсті", - деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы.