Кей өңірлерде бұрқасын күтіледі.
"Қазгидромет" орталығы мамандары 28 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нұр-Сұлтан қ.: 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
28 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысы
28 қазанда Ақмола облысында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 28 қазанда түнде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
28 қазанда Павлодар облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу борасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 28 қазанда көктайғақ, жаяу борасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қ.: түнде және таңертең 28 қазанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
28 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды қ.: 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.