Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады.
ERNUR.KZ. "Тұңғыш Президенті-Елбасының мемлекеттік стипендиясы" енді басқаша аталады. Атауын өзгерту туралы жоба "Ашық НҚА" сайтында қоғам талқылауына жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген құжатқа қарағанда, "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" деген жарлықты "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы" деп өзгертпек.
Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады.