"Туристік Қамқор" 1,5 жылда 500 мың қазақстандыққа ТУРКОД берді​

0
2 146

Бір жарым жылда ТУРКОДпен жарты миллион қазақстандық шетелде демалды


ERNUR.KZ. Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің жұмыс істей бастаған уақытынан бастап «Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) ТУРКОД берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Туристік Қамқор» КҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдан бастап қазақстандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес беріледі. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде күтпеген жағдайға тап болған сәтте отандастарын тез арада елге оралтуды көздейді. Ең алдымен бұл алаяқ қызмет жасайтын турфирмалардың кесірінен зардап шеккендерге қатысты. ТУРКОД кез келген жағдайда Сіздің отаныңызға жақын арадағы рейспен оралуыңызға кепіл болады.

Туроператорға туристік кодты Қор жарна мен (бір турист үшін жарнаның көлемі 1 АЕК – 1202 тг. Ол соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) банктік кепілдемелер (12 млн мен 36 млн теңге аралығында) төленгеннен кейін ғана береді.

Бүгінгі таңда "Туристік Қамқор" Қорының құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Олардың тізімімен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни қалған жетпістен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып,жасырын түрде қызмет көрсетуде деген сөз. Ондай жағдайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Әлі шетелге демалысқа шығып үлгермеген саяхатшыларға «Туристік Қамқор» КҚ өзінің қонақ үйінің бронын тексеруін, артқа үйге қайтатын билеті төленгендігін, сондай-ақ өзінің ТУРКОД-ының бар екендігін тексеріп алуға кеңес береді.

Ақпарат үшін айта кетейік, туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы.

«Туристік Қамқор» қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істейді.