Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды

0
1 079

Отандасымыздың қолы сынған.


Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды

ERNUR.KZ. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Түркияның Хатай провинциясы, Антакия қаласында хабарсыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шыққан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, отандасымыздың қолы сынған. Қазір оны ауруханаға апара жатыр.

«Қазір құтқарушылар үйінділерду аршу жұмыстарын жедел атқарып жатыр. Қалғандары да Сабина табылған тұста алыста болмауы керек. Ақпарат пайда болған сәтте-ақ хабарлаймыз», - деп жазды іздеуші топ өкілдері.

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше қазақстандықтың хабарсыз кеткені туралы мәлімет пайда болған еді.