Түркияның зілзала болған аумағынан Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
711

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.


Түркияның зілзала болған аумағынан Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр

ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстік-шығысындағы алапат жер сілкінісінен кейін Газиатеп қаласынан Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматтары 7 ақпан сағат 12:00 Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп дайын болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін +90 538 8807041, +90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек», - делінген Елшілік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.
Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.