Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісіне қатысты сот үкімі шықты

0
492

Бұл істе Тұрсынбек те әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісіне қатысты сот үкімі шықты

Тұрсынбек Қабатовтың кісі қаққан көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал әзілкештің өзі ірі көлемде айыппұл төлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабатовтың көмекшісі 2019 жылы өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік тізгініне отырып, кісі қаққан. Апат салдарынан бір адам қайтыс болды. 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы сотында күдікті Қасенбайға қатысты үкім шықты.

Сотта Т.А.Қасенбайдың жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, абайсызда адам өліміне әкелгені (қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі) және көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рөлге отырғаны (ҚК 346-бабы 1-бөлігі) анықталды.

Сот отырысында Қасенбай жол қозғалысы ережелерін бұзып, адам қаққанын ішінара мойындады. Мас күйінде көлік басқарғанын толық мойындап, істеген әрекетіне өкінді.

Сотталушы Қасенбай марқұмның анасына моральдық зиян ретінде 3 500 000 теңге төлейді. Ал көлік иесі – Тұрсынбек Қабатов пен сотталушы Қасенбай марқұмның жарына 8 000 000 теңге төлейді.

Алматы ауданы сотының хабарлауынша, жәбірленушінің анасы мен жұбайының материалдық, моральдық зиян өндіріп алу туралы талаптары ішінара қанағаттандырылған.