Тыйым салынған жерге шомылған екі астаналық менингит жұқтырған

0
580

Өткен жылы осы кезеңде 6 адамнан серозды менингит анықталған.


Тыйым салынған жерге шомылған екі астаналық менингит жұқтырған

ERNUR.KZ. Елордада тыйым салынған жерде шомылған екі азаматтан серозды менингит анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жаз басталысымен халық арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тұрғындарға рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керектігі ескертіледі. Мамыр айынан бастап күнмен қатар су да жылиды. Сәйкесінше түрлі инфекциялар көбейе түсіп, жұқпалы аурулардың артуына алып келеді. Әсіресе, ашық су қоймалары мен субұрқақтарда. Рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары», - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Маманның айтуынша, шомылу кезінде энтеровирустық инфекциядан басқа, ішек инфекциялары және А вирустық гепатитін жұқтыруы мүмкін.

«Шомылу маусымы басталғалы екі астаналық рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, салдарынан серозды менингит жұқтырған. Өткен жылы осы кезеңде 6 адамнан серозды менингит анықталды», - дейді елорданың бас санитары.