ТЖ аяқталғаннан кейін де халықты коронавирусқа тексеру жұмысы жалғасады

0
682

Бұған мемлекет қазынасынан 2,8 млрд теңге жұмсалған.


ТЖ аяқталғаннан кейін де халықты коронавирусқа тексеру жұмысы жалғасады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін де халықты коронавирусқа тексеру жұмысы жалғасады, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парашасында мәлімдеді. Сынама алу үшін қаржыландыру үш түрлі жолмен іске аспақ.

Біріншісі, тегін кепілдендірілген медициналық көмектің шеңберінде жүзеге асады. Вирус жұқтырғандар мен олармен тығыз байланыста болғандар осы көмекке иек арта алады.

Екінші жолы – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен болмақ. Жұмыс істейтін және дәрігерлік сақтандыруы барлар, осылайша, тестілеуден өте алады.

Өзге санаттағы адамдар коронавирусқа ақылы түрде тексеріле алады. Жалпы күні бүгінге дейін инфекцияны анықтау мақсатында 250 мың тест тегін жасалған. Аталған сынама 4 санаттағы адамдарға жасалды. Яғни, шетелден келгендер, олармен байланыста болғандар, карантин кезінде халықпен тығыз жұмыс істеген қызметкерлер және қарттар үйінің тұрғындарына жасалды. Бұған мемлекет қазынасынан 2,8 млрд теңге жұмсалған.