Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: шешім қабылдау мерзімдері аталды

0
366

Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткен еді.


Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: шешім қабылдау мерзімдері аталды

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда уақыт белдеуін қайта өзгерту мәселесі петиция аясында қаралатынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткен еді. Парламенттің бірлескен отырысының алдында журналист ведомство басшысына "Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петицияны қарастырып жатырсыздар ма?" деп сауал жолдады.

Арман Шаққалиев петицияны қарау тәртібін түсіндірді.

"Петицияны заңда бекітілген алгоритм бойынша қараймыз. Бүгін жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр. Бұл – бірінші кезең, яғни ұйымдастыру жұмысы жүріп жатыр. Өтініш беруші ұсынған барлық адамды яғни (жұмыс тобына) кім кіруі керек, оған енгіздік. Қазір бұл топта жұмыс істеу принципін айтып жатырмыз: ашықтық, аргументтің болуы, сыйластық. Жұмыс кестесін бекітіп, күн тәртібін бекітіп жатырмыз. Шахмат ойынындағы сияқты әрбір жүрісі дәлелге сүйініп жасалады, құр айыптауға, эмоцияға бой бермейміз. Бұл – петицияны қарастырудың екінші кезеңі. Үшінші кезеңде, комиссия қорытындыны шығарып, өз шешімін айтады. Төртінші кезең, петиция 40 күн қаралатынын білесіздер. Сондықтан заңда бекітілген мерзімге сәйкес барлығы іске асырылады", - деді министр.