Кешегі күннің нәтижесі белгілі болды.
ERNUR.KZ. ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижесі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Биылғы түлектер жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатыр.
Кешегі күннің нәтижесі белгілі болды. Тест тапсырған 13 мың 897 түлектің 11 мың 795-і жоғары оқу орнына құжат тапсыруға мүмкіндік беретін шекті балға қол жеткізді. Ал өкінішке орай, 2 мың 102 түлек тиісті балл жинай алмады. Бұл – алғашқы күні тестілеуге қатысқандардың 15 пайызы. Республика бойынша орташа балл – 80,9. Бұл өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда, шамамен 4 пайызға көп. Тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш – 137 балл.