ҰБТ кезінде әр оқушының партасында тағы бір камера болады

0
741

Білім және ғылым министрінің сөзінше, биыл бір жағынан қауіпсіздікті, екінші жағынан тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін жаңа элементтер енгізіліп жатыр.


ҰБТ кезінде әр оқушының партасында тағы бір камера болады

ERNUR.KZ. Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде түлектердің үстелдеріне жеке басын анықтауға арналған қосымша бейнекамера орнатылатынын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Білім және ғылым министрінің сөзінше, биыл бір жағынан қауіпсіздікті, екінші жағынан тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін жаңа элементтер енгізіліп жатыр.

Жаңалықтың бірі – қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, енді жеке сәйкестендіруді анықтайтын екінші камера орнатылады. Бұл тестіні тек бір адам бастағанына, аяқтағанына және тестілеу кезінде компьютерде отырғанына сенімді болу үшін жасалды.Асхат Аймағамбетов

Сонымен бірге Асхат Аймағамбетов сынақтан өту бағасын бір аптада екі рет төмендетуді тапсырды. Басқармадағылар қазір тесттің құны 2917 теңге екенін айтты.

Еске сала кетейік, қаңтардағы ҰБТ уақыты төтенше жағдайға байланысты кейінге шегеріліп, бүкіл Қазақстан бойынша 25 қаңтарда басталды. Тестілеуге қатысуға 104 мыңға жуық адам өтініш берген.