Биыл бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды.
ERNUR.KZ. Тест тапсыру кезінде бөгде тұлғаларды анықтау, тыйым салынған заттарды алып кіру мен оларды пайдалану сияқты заңбұзушылықтар туралы Ұлттық тестілеу орталығы үнемі хабардар етіп отырады, деп жазады zakon.kz.
Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, Орталықтың қарасты Министрлігінің келісімінсіз, одан әрі қарастырылу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды.
Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жұмыс.
Айта кету керек, өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Ағымдағы жылы да бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылды. ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін де ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды қарастырады. Бірінші кезекте, 100-ден астам балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбалары тексеріледі. Әрі қарай басқа да жағдайлар қарастырылады.