15 және 19 тамыз аралығында ҰБТ мен кешенді тестілеуді (КТ) ақылы тапсыруға болады
ERNUR.KZ. Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуден қайта өту және ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге құжаттарды қабылдау кезеңі өтіп жатыр.
15 және 19 тамыз аралығында ҰБТ мен кешенді тестілеуді (КТ) ақылы тапсыруға болады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
ҰБТ мен КТ сынақтарын кім тапсыра алады?
- Шектік балл жинай алмаған түлектер;
- ҰБТ нәтижесі жойылған түлектер;
- ҰБТ-ға қатыспаған түлектер.
ҰБТ мен КТ қандай пәндер бойынша жүргізіледі?
- Қазақстан тарихы;
- Математикалық сауаттылық;
- Оқу сауаттылығы (білім алған тіл бойынша);
- Екі бейінді пән.
ҰБТ және КТ тапсыру қанша тұрады?
ҰБТ-ны қайта тапсыру және КТ бағасы 2242 теңге, бұл соманы талапкерлер Қазпошта бөлімі немесе Халық банкі арқылы төлеуі тиіс.Қандай құжаттар тапсыру керек?
- Арнайы үлгідегі өтініш;
- Жалпы орта білімі туралы аттестат немесе техникалық және кәсіби (бастапқы немесе орташа кәсіби, орташадан кейінгі) білімі туралы диплом (түпнұсқа);
- Тестілеуге қатысу ақысын төлеу туралы түбіртек;
- Екі 3x4 сурет;
- 086-У формасындағы медициналық анықтама;
- Жеке куәлігінің көшірмесі.