Ақпанның соңында Скляр жеңілдетілген бағдарламаның негізгі шараттарын жариялаған болатын.
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автокредит бағдарламасын іске қосу мерзімін атады, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі кезде министрлікте (индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Sputnik) нормативтік актілер әзірленіп жатыр. Бағдарлама сәуір айында іске қосылады", - деді Скляр журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, ақпанның соңында Скляр жеңілдетілген бағдарламаның негізгі шараттарын жариялаған болатын. Оған сәйкес, автокредит 7 жылға беріледі. Жылдық мөлшерлемесі сол күйінде 4 процент болып қалады. Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге дейінгі автокредиттер беріледі. Ал көлік одан қымбат болса, сатып алушы өз қалтасынан төлейді.