Үкімет басшысы халықпен кездесу өткізбеген министрліктерді сынға алды

0
628

Министрлік басшылары 15 кездесу өткізбеген.


Үкімет басшысы халықпен кездесу өткізбеген министрліктерді сынға алды

ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов халықпен кездесу өткізбеген министрліктердің атын атап, сынға алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Цифрлық даму, Еңбек, Энергетика және Төтенше жағдайлар министрліктері кездесулерді алдын ала хабардар ете отырып, сапалы ұйымдастырды. Қорытындысы туралы арнайы брифингтер өткізді. Сонымен қатар кейбір министрлік басшылары жоспарланған 15 кездесуді өткізген жоқ», - деді Смайылов.

Ол атағандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі облыста кездесу өткізбеген.

«Энергетика және Ішкі істер министрліктерінде де осындай жағдай. Бұл жерде қандай да бір сылтау айту орынсыз. Ешқандай себеп қабылданбайды. Барлық кездесулер өткізілуі тиіс. Оған вице-министрлерді де тарту қажет. Бұл азаматтарды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді», - деді ол.