Үкімет басшысы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг жүргізуді тапсырды

0
675

Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне толық жұмыс істемей тұрған немесе тоқтап тұрған тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг пен талдау жүргізіп, олардың толықтай жұмыс істеуі үшін іс-шараларды іске асыру керектігін ескертті.


Үкімет басшысы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг жүргізуді тапсырды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг жүргізуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік органдар көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, көмір бағасын өткен жылғы деңгейде сақтап қалу үшін заңға сәйкес іс-шаралар қабылдауы қажет», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне толық жұмыс істемей тұрған немесе тоқтап тұрған тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг пен талдау жүргізіп, олардың толықтай жұмыс істеуі үшін іс-шараларды іске асыру керектігін ескертті.

«Бүгін ұсынылған іс-шараларды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылғы 1 ақпанға дейін Үкіметке Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.