Үкімет екінші санаттағы жұмыртқаны әлеуметтік маңызды тауар ретінде қабылдауды сұрайды

0
826

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген қаулы жобасы қоғам талқылауына шығарылды.


Үкімет екінші санаттағы жұмыртқаны әлеуметтік маңызды тауар ретінде қабылдауды сұрайды

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген қаулы жобасы қоғам талқылауына шығарылды. Дауыс беруге болады, деп жазады inbusiness.

"II санаттағы тауық жұмыртқасы I санатқа қарағанда арзан, сондықтан әлеуметтік себетте II санаттағы жұмыртқа болуы керек. Екеуінің айырмашылығы тек салмағында ғана. Энергетикалық, тағамдық құндылығы бірдей. II санаттағы жұмыртқа өндіру көлемінің үлесі халықтың әлеуметтік топтарына қажеттілікті жабуға мүмкіндік береді", - деп жазылған құжатта.

Стандарттарға сәйкес, II санаттағы жұмыртқаның салмағы — 45-54,9 грамм, I санаттағы — 55-64,9 грамм.

Құжатқа дауыс беру 9 қыркүйекке дейін жалғасады.