ҰҚК қытайлық екі азаматты ұстады

0
901

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


ҰҚК қытайлық екі азаматты ұстады

ERNUR.KZ. 2019 жылғы 19 қарашада ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚХР-дың екі азаматын уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады, деп жазады Тengrinews.kz.

"Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы ақшалай сыйақы ұсынған", - делінген хабарламада.

Ұсталғандар мойындау түсініктерін берді. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.