ҰҚК төрағасының орынбасары: біз Самат Әбішті бақылап жүрген жоқпыз

0
442

Мәжіліс кулуарында журналистер Қалқабаевтан ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің қайда екенін сұрады.


ҰҚК төрағасының орынбасары: біз Самат Әбішті бақылап жүрген жоқпыз

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің қайда екенін білмейді, деп жазады sputnik.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Қалқабаевтан ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің қайда екенін сұрады.
"Бұл мәселеге түсініктеме беруге менің құзыретім жоқ. Құқық қорғау органдары басшыларының әрекетіне құқықтық бағаны Бас прокуратура берді. Істі ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеді", - деді ол.
Ол Самат Әбіштің қайда екенін білмейтінін айтты.
"Ол Қазақстанда шығар. Біз оны бақылап жүрген жоқпыз. Ол Қазақстан азаматы. Қазақстанда жүре алады", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.
Еске салсақ, қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары тұтқындалған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қана (ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары) ұсталған жоқ. Тек қызметінен босатылды.
Жуырда сот үкімімен Мәсімов 18 жылға сотталды. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға оқталды және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Орынбасарлары болған Садықұлов, Ерғожин, Өсіповке де сот үкімі шықты. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады.