Оның дизайны «сақтардың аңдар стилі» іспетті аллегориялық үлгіде жануарлардың табиғи және трафаретті түрлерін үйлестіре отырып жасалған.
ERNUR.KZ. Ұлттық банк «BUǴY» коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп жазады ҚазАқпарат.
Ұлттық банк «Ғибадатты жануарлар – көшпенділердің тотемі» топтамасынан номиналы 5 000, 500, 200 және 100 теңгелік «BUǴY» коллекциялық күміс монетаны айналымға шығарады. Сатылымға шығатын күні Ұлттық банк сайтында қосымша хабарланады.
Оның дизайны «сақтардың аңдар стилі» іспетті аллегориялық үлгіде жануарлардың табиғи және трафаретті түрлерін үйлестіре отырып жасалған.
Бұғы – көшпелі халықтың сенімінде ең қасиетті жануардың бірі. Прототүрікттердің сенімінде бұл тотем ата-баба ретінде қарастырылып, ұрпақтар жалғасын әспеттеген.
Номиналы 5000 теңгелік және 500 теңгелік «BUǴY» монетасы алтын және гауһар тас жалату технологиясын пайдалана отырып, күмістен жасалған. Монетаның беті мен сырт келбеті бірдей суретпен бейнеленген.
Номиналы 200 теңге және 100 теңге «BUǴY» монеталары MH25 мельхиор қорытпасынан «рrооf-like» және «brilliant uncirculated» сапада дайындалған. «Рroof-like» сападағы монетаға алтын жалату технологиясы қолданылған.
Номиналы 5 000 теңгелік монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 25 унция (777,5 гр.), диаметрі – 100 мм, диаметрі 1 мм гауһар орнатылған, «proof» сапада дайындалған, таралымы – 250 дана;
500 теңгелік монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 гр., диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар қойылған, «proof» сапада дайындалған, таралымы – 3 500 дана;
200 теңгелік монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, «рrооf-like» сапада дайындалған, таралымы – 7 000 дана;
100 теңгелік монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған, салмағы – 11,17 г., диаметрі – 31 мм, «brilliant uncirculated» сапада жасалған, таралымы – 30 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалған.